Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жасөспірім" ЖПІШ: Түркістан облысында республикалық спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың студенттері арасында "Еңбек кубогі" республикалық спартакиадасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онда жас спортшылар шағын футболдан сайысқа түсті. Жасыл алаңда бас қосқан республика жастары, қызықты ойын көрсетіп, жүзден жүйріктері жеңімпаз атанды. Бағы мен бабы келіскен үздік ойыншыларға полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің алғыс хаты мен бағалы сыйлығы тапсырылды.

"Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция марапатын полиция полковнигі Ермек Усербаев жеткізді. Ол салауатты өмір салтын ұстанушы жастарға ризашылығын білдіріп, қашанда осылай тек жақсы істерге әуес болуға шақырды.

Айта кетсек, жүлделі жарыста І орынды Алматы энерго колледж студенттері, ІІ орынды Ақмола облысы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттері, ІІІ орынды Қарағанды Болашақ жоғарғы колледж студенттері иеленіп, өз өңірлеріне жеңіспен қайтты.

Мұндай іс-шаралардың жасөспірім тәрбиесі мен тәртібінің оңынан қалыптасуына қосар үлесі көп. Себебі бос уақытын тиімді пайдалана алатын жастарымыз, қылмыссыз қоғам құрудың маңызды бөлшегі болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру