Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Президент кеңесшісі Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды

Президент кеңесшісі Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жетісу облысына арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлік полиция департаментінде жеке құраммен кездесті.

Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында қойған талаптарын жеткізіп, қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидасының терең орнығуы қажет екенін атап өтті.

Сапар аясында Президент кеңесшісі Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, полиция департаментінің музейін аралады. Сонымен қатар ведомствоның қызметін жетілдіру, жас мамандардың кәсіби және адамгершілік тұрғыда дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында құрылған Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы таныстырылды.

Кездесу барысында кеңес төрағасы Ерлан Сансызбаев сөз сөйлеп, ұйымның қазіргі таңда атқарып жатқан қызметі жайлы баяндап берді. Тәлімгерлер кеңесі тәжірибелі зейнеткерлердің көмегімен жас қызметкерлердің тәрбиесіне үлес қосуға бағытталған.

Мұндай кездесулер ішкі істер органдарының жұмысын жетілдірумен қатар, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру