Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полиция мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Екібастұзда полиция мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында "Самғау" балалар шығармашылығы үйінде Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен "Жасөспірім" және "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары аясында қала мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Балалармен диалогқа құқық қорғау органдарының, білім бөлімінің басшылары, педагогтар мен психологтар қатысты.

Кездесуді Екібастұз қаласының прокуроры Қанат Атығаев ашты. Ол кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу — тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Профилактикалық жұмыс күн сайын барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілуі тиіс.

Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы" деп жариялағанын және өткізілетін іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдерде өмірге саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларға кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған теріс қылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске салды. Ол есірткіні, соның ішінде синтетикалық есірткіні қолданудың өлімге әкелетін қауіптілігіне жеке тоқталды. Есірткіге байланысты қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатыны атап өтілді. Есірткі қылмысы үшін жаза 5 жылдан басталатын мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Кездесудің бастамашылары жасөспірімдердің назарын интернет-алаяқтық схемаларын іске асыру кезінде буллинг, бопсалау, криминалдағы делдалдық фактілерінің, атап айтқанда, дроппер рөліндегі әрекеттердің қауіптілігі мен алдын алуға аударды. Терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлар үшін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау, тонау, бопсалау, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық және т.б.) жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан бастап туындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жолдардағы қауіпсіздік мәселесін қозғады. ЖКО туралы, мопедтерді басқарудың енгізілген Заңы, оларды тіркеу туралы статистика келтірілген. Кездесу барысында балаларға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы әлеуметтік ролик көрсетіліп, прокурорлар, полицейлер, сондай-ақ білім бөлімдерінің өкілдері әрқашан байланыста екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру