Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында патрульдік полицейлер жүрек талмасына ұшыраған жүргізушіні құтқарды

Ақмола облысында патрульдік полицейлер жүрек талмасына ұшыраған жүргізушіні құтқарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуірде Степногорск қаласында патрульдік полиция ротасының 2 взводының қызметкерлері жүрек талмасына ұшыраған жеңіл автокөлік жүргізушісіне уақытылы көмек көрсетті.  

Аға лейтенант Нұрсұлтан Алатаев пен лейтенант Юрий Ивановтың құрамындағы экипаж патрульдеу кезінде дұрыс тұраққа қойылмаған автокөлікті байқады. Қырағы инспекторлар жүргізушіні тексеруге бел буып, көлікке асықты. Ашық есік пен жүргізуші орнында ес-түссіз жатқан адамды көріп, полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлердің келуін күткеннен кейін тәртіп сақшылары жүргізушіні жедел жәрдем көлігіне көшіруге көмектесті. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам жүрек ұсталмасына ұшырады, уақытында көрсетілген медициналық көмектің арқасында оны құтқара алды. Қазіргі уақытта ақмолалық медицина қызметкерлерінің бақылауында, ал патрульшілер қызмет атқаруды жалғастырды. 

Инспекторлардың айтуынша, ауысым кезінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі және осындай жағдайды кез-келген полиция қызметкері кездестірген. Көбінесе полиция қызметкерлері денсаулығының күрт нашарлауын сезінген жүргізушілердің жанынан лезде табылады және оның өмірі тәртіп сақшыларының жедел реакциясы мен кәсібилігіне байланысты. 

Полицейлер денсаулығына байланысты проблемалары бар азаматтардан рульге абайлап отыруды, өз өміріне және қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірмеуін сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру