Ұландық Милад Карими Мысырдағы жарыста тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Ұландық Милад Карими Мысырдағы әлем кубогының кезеңінде алтын медаль алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының атынан Каирде өткен әлем кубогының қорытынды кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Карими еркін жаттығуларда 14,133 ұпай жинап, кәсіби шеберлік көрсетті. Оның ең мықты қарсыласы Болгар гимнастшысы Эдди Пенев 13,966 ұпай жинады. Қола жүлдені 13,866 ұпаймен украиналық Назар Чепурный жеңіп алды. Каирдегі жеңіс Милад Каримиге еркін жаттығулардан әлем кубогының жалпы есебінде І орынға шығуға мүмкіндік берді. Айта кетейік, бұған дейін
Карими Хорватияда өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иегері атанып, халықаралық спорт аренасында өзінің жоғары дайындығы мен көшбасшылық позициясын нақтылаған болатын.