Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана қалалық ҚАЖД мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме ұжымы аталған мереке аясында "Береке – нан байлығы" атты нан фестивалін өткізді. Фестиваль барысында елімізде тұратын түрлі этностардың ұлттық нан өнімдері ұсынылып, келушілер олардың дәмін татып көруге мүмкіндік алды. Барлық нан өнімін жазасын өтеушілер өз қолымен дайындаған.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлтаралық келісімді нығайту, этностардың мәдени мұрасын насихаттау және дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыру.

– Мұндай іс-шаралар ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтардың мәдени мұрасын насихаттауға және олардың дәстүрлеріне құрметпен қарауға ықпал етеді, - деді №2 мекеме бастығы Н.Ходжабек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру