ҰОС және ІІО ардагерінің ұрпақтары СҚО ПД-ның музейіне барды
ҰОС және ІІО ардагерінің шет елдерде тұратын ұрпақтары СҚО полициясының музейінде болып қайтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғаш рет Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдары ардагері Джура Кобелевтың 12 туысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің музейінде болып қайтты. ТМД елдерінде тұрып жатқан балалары, немерелері мен шөберелері жүз жасаған аталарын еске алу үшін Петропавлға арнайы келді. Олар оның бейітіне барып, СҚО ПД музейіне келді. Олардың айтқан естеліктерін негізге ала отырып, Жеңіс солдаты туралы арнайы фильм жасалды.
СҚО полиция департаментінде ведомство ардагерлеріне үнемі құрмет көрсетіледі. Әр жылдары облыстың ІІО-да 770 астам майдангер қызмет атқарды. Бүгінде олардың ешқайсысы да жоқ. Джура Кобелев өмірден өткен ең соңғы ардагер болмаса да, араларында 102 жыл өмір сүріп ұзақ жасады.
ПД музейінде оған майдан даласында және бейбіт уақытта құқықтық тәртіп қатарында қызмет атқарған жылдары берілген барлық наградалары сақталған. Барлық экспонаттарды ардагердерің үлкен қызы Раиса Джуровна табыстады.
Джура Кобелевтың ұрпақтары да естеліктерімен бөлісті.
— Осындай арғы атамның болғаны мен үшін мақтаныш, менің осындай отбасылық тарихымның болғаны мені қуантады, - дейді туыстардың ең кіші өкілі, төртінші сынып оқушысы Мирон.
Фильмнің сценарийін музей меңгерушісі Любовь Осинская әзірледі, ал фильмнің жарыққа шығуын ПД баспасөз қызметі ұйымдастырды. Фильмде соғыс жылдарындағы бейнематериалдар, Джура Кобелевтың фотолары және Ұлы Отан соғысындағы Сталинград үшін болған қанды шайқас туралы айтқан сұхбаты пайдаланылды. Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай аталған фильм YouTube-та жарияланды.