Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады

СҚО-да полицейлер мен ақ халаттылар “Рөлде ұйықтау” акциясын өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел медициналық көмек орталығының фельдшерлерімен бірлесіп “Рөлде ұйықтау” акциясын өткізуде.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және қайғылы статистикаға жол бермес үшін полицейлер бірқатар алдын алу шараларын қабылдауға көшті.

Қараңғы түскен соң патрульдік полицейлер мен дәрігерлер облыс орталығынан шыға берісте Астана — Петропавл тасжолында көліктерді тоқтатуға көшті. Мақсат – жүргізушілердің қаншалықты шаршағанын тексеру, қажет болған жағдайда көмек көрсету. Көбінесе жүк көліктері мен көп орынды минивендер тоқтатылды. Әсіресе, Қазақстанның басқа өңірлеріне бара жатқан және шетелден облыс арқылы транзитпен өтіп бара жатқан көліктерге назар аударылды. Ең алдымен сақшылар олардың денсаулық жағдайы жайлы сұрап, жүргізушілерге кофе, бауырсақ ұсынды. Бұдан бөлек, облысаралық, республикалық жолдардағы жағдай туралы сұрады. Ақ халаттылар қан қысымын өлшеп, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек берді. Қысымы жоғары немесе шаршаған жүргізушілерге жақын маңдағы демалыс орнына бару ұсынылды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, шамадан тыс шаршау және ұйқының жетіспеушілігі, әсіресе, түнгі уақытта және қала сыртындағы жолдарда апат қаупін айтарлықтай арттырады.

“Рөлде ұйықтау” акциясын тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру