Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі және Бас прокуратураның бірінші қызметі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысындағы "Шеп" стационарлық бекетінде қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапты. Жаңақорған кентінде оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация анықталды.

- Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты.

Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру