Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

ШҚО-да зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер өз атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, полицияға арызданған.

Тұрғынның айтуынша, танысы оның үйінің ауласында жүрген кезде телефонын аз уақытқа пайдалануға рұқсат сұраған. Алайда құрылғы қолына түскен соң, күдікті бір банктың қосымшасы арқылы жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, кейіннен 700 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ешқашан телефоныңызды бөтен адамдарға бермеңіз. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қадағалаңыз және әрқашан сақ болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру