Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді
Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды.
Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды.
Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.
Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.