Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қорғау" жүйесі: Шымкентте берешегі бар жүргізушілер анықталды

Шымкентте "Қорғау" жүйесі арқылы құқық бұзушылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интеллектуалды жүйе Шымкент көшелерінде берешегі бар автокөліктерді анықтады. Мәліметке сәйкес, Toyota Camry 40 иесі 7 млн теңге, ал Toyota Camry 70 көлігін басқарған азамат 10 млн теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарып жүрген.

Жедел басқару орталығының инспекторлары көліктерді тоқтату үшін патрульдік полицейлерді бағыттады. Жүргізушілерге берешегін өтеу қажеттігі туралы ескертіліп, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Айта кетейік, "Қорғау" қосымшасы нақты уақыт режимінде жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздеуде жүрген көліктер туралы да полицияға хабар береді. Сонымен қатар жүйе жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру