Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ірі көлемдегі берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Астанада ірі көлемдегі берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада мамандандырылған батальон қызметкерлері “Борышкер” жедел алдын алу шарасы аясында құқық бұзушылықтарды анықтап, сот орындаушыларының қаулылары негізінде бірқатар шаралар қабылдауда.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған ToyotaRav 4 автокөлік жүргізушісінің 18 млн теңге көлемінде берешегі бары белгілі болды. Аталған борышқа байланысты жеке сот орындаушысының қаулысы мен көлік құралын айыптұраққа орналастыру туралы шешім қабылданған.

Полиция департаменті азаматтарға қаржылық және құқықтық міндеттемелерді уақытылы орындаудың маңыздылығын еске салады. Айыппұлдар мен берешектерді өтеуден жалтару көлікке шектеу қоюға, тіпті оны айыптұраққа қоюға себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру