Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 14 шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында өткізілген  "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 352 азамат жауапқа тартылды. Олардың 237-сі шетелдік, ал 115-і Қазақстан Республикасының азаматтары. Тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 122 шетелдік азамат пен оларға жұмыс берген 39 кәсіпкер анықталды.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 14 шетелдік елден шығарылды, ал 5 материал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жіберілді. Сондай-ақ іздеуде жүрген бір қылмыскер анықталды.

Полиция көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді және тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу екендігін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру