Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды

Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы.

Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру