СҚО-да тәртіп сақшылары кәсіби мерекелері қарсаңында эстафета ұйымдастырды
СҚО-да тәртіп сақшылары кәсіби мерекелері қарсаңында эстафета ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да полицейлер қаруды жылдам бөлшектеу және жинау, жараланған адамды тасымалдау және басқа да практикалық дағдыларды көрсетті. Олар "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының қолдауымен облыстық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған полиция эстафетасына қатысты.
Күшпен сынасу, ептілікпен және төзімділікпен жарысу үшін 3 адамнан тұратын 10 команда жиналды. Олар СҚО ПД аппараты мен аумақтық бөліністер атынан қатысты. Эстафета бағдарламасына тартылу, 800 метрге жүгіру, қорғаныс құралдарымен жүгіру және тәртіп сақшыларына қажет басқа да қолданбалы пәндер кірді.
Петропавл қаласы полиция басқармасының командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орында СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері табан тіресе, ПД аппаратының құрама командасы үшінші орын алды. Жеңімпаздарға "Динамо" ДСҚ төрағасының бірінші орынбасары грамоталар мен ауыспалы кубокті табыс етті.
Спорттық іс-шара қазақстандық полиция күнін мерекелеуге дайындық айлығы аясында өтті. Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің жауынгерлік рухын көтеру, патриотизмді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстану болды.