Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да рецеппен берілетін дәрі-дәрмектер мен электронды темекілерді заңсыз сату фактісі анықталды

СКО-да полиция қызметкерлері рецеппен берілетін дәрі-дәрмектер мен электронды темекілердің заңсыз сатылу фактілерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

9-13 маусым аралығында тәртіп сақшылары дәріханаларға, медициналық мекемелерге және кәсіпорындарға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 19 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде рецепт бойынша босатылатын дәрілерді еркін сату, құрамында есірткі бар дәрі-дәрмектерді сақтау және есепке алу ережелерін бұзу. Кейбір кәсіпорындарда прекурсорлар – есірткі жасауға пайдаланылуы мүмкін заттар дұрыс сақталмаған. Кәсіпорын басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ ЖПІШ аясында полицейлер электронды темекілердің және вейпке арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 2 фактісін анықтады. Полицейлер олардың қолданылуына тыйым салынғанын және өткен жылғы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру