Атырау облысының полициясында 50-ге жуық ерлі-зайыпты қызмет етеді
Атырау облысының полициясында 50-ге жуық ерлі-зайыпты қызмет етеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінде өмірлік жарын құқық қорғау саласынан тауып, үйде де, қызметте де иық тірестіре еңбек етіп жүрген 46 полицей отбасы бар. Олардың көбі – 23 пен 35 жас аралығындағы мамандар.
Бір салада қызмет ететін жұптар қызметтік жолында бір-біріне серік, тірек бола отырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз үлестерін қосып келеді.
Полицей отбасыларының арасында құқық қорғау саласында бірге қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі жанұялар да бар. Солардың бірі – Ермұхановтар отбасы. Олар 45 жылдан бері тату-тәтті ғұмыр кешіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ бір салада қызмет етіп, өмірлік тәжірибе жинақтаған 20 жылға жуық отасқан полиция подполковнигі Фархад Ислямов пен полиция подполковнигі Әйгерім Әбенова жұбы жас полицейлер үшін үлгі бола алады.
Қызмет пен отбасыны қатар алып жүрген осындай ерлі-зайыптылар — адалдықтың, өзара құрметтің үлгісіндей жарасымды өмір сүріп, кәсіби міндетін адал атқарып келеді. Бір-бірін жақсы түсінетін, қолдай білетін мұндай отбасы институты ішкі істер органдарындағы қызметтің жауапкершілігі мен ауыртпалығын жеңілдетуге себеп болары анық.