Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер вейпті заңсыз сату фактісін анықтады

Елордада полицейлер вейпті заңсыз сату фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері "Қылмысқа жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінде темекі шекпейтін құрылғылардың (вейптердің) заңсыз сатылуын анықтады. Электронды темекілерді заңсыз сатқан және таратқан деген күдікпен 29 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары дүкеннен 23 электронды темекіні тәркіледі. Белгілі болғандай, күдікті бұл іспен бірнеше айдан бері айналысып келген. Ол осы уақыт ішінде 50-ден астам вейп сатқанын мойындады.

Сондай-ақ тергеу барысында оның бұл өнімнің заңмен тыйым салынғанын біле тұра, вейптерді интернет-дүкен арқылы, танымал мессенджерлердегі арналары арқылы сатқандығы анықталды.
Темекі шекпейтін бұйымдарды, электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығаруға байланысты қылмыстық іс тіркелді.

Полиция азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырып, электронды тұтыну жүйелерімен заңсыз сауда жасау ауыр құқықтық салдарға әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру