БҚО-да мерзімін өтеп шыққан сотталғандарға мамандар құқықтық және психологиялық кеңестер берді
БҚО-да мерзімін өтеп шыққан сотталғандарға мамандар құқықтық және психологиялық кеңестер берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсетуге, олардың әлеуметтік бейімделуіне және қайта әлеуметтенуіне бағытталған.
БҚО бойынша ҚАЖД №27 мекемесінде мерзімі аяқталуы бойынша босап жатқан сотталған еңбекке және тұрмыстық орналастыру бойынша "Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Әлеуметтік жобаға БҚО ҚАЖД Пробация қызметі, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері шақырылды.
Мекеме сотталғанға психологиялық кеңестер беріп, құжаттамалық көмек көрсетті.
Әр маман өз саласы бойынша сотталғанға көмек көрсету жағынан ақпарат берді, атап айтқанда сотталғанға босаған соң мекен-жайы бойынша еңбек биржасына есепке тұрып, бос лауазымдар бойынша жұмысқа орналасу, денсаулық жағдайын қалпына келтіру, бір жолдық көмек алу жөнінде мәлімет беріліп, бағыт берілді. Бостандыққа шыққаннан кейін тұрғылықты жерінде емханаға тіркелуі керек екені айтылды.
Шара соңында сотталған азаматты түзету мекемесінен босап шығуымен құттықтап, босатылғаннан кейін қалыпты өмірге оралуына тіледі.