Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайран көліндегі тәртіп: полиция мен жұртшылық бірігіп рейд жүргізді

Алматы қаласындағы Сайран көлінің демалыс аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тазалықты сақтау бойынша профилактикалық жұмыс аясында полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер мен белсенділерден құралған мобильді топтар мақсатты рейдтер жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жағалауда жайлы демалу үшін барлық жағдай жасалғанымен, кейбір демалушылар қоршаған ортаға жауапсыз көзқарас танытуда: қоқыс тастайды, қоғамдық тәртіпті бұзады.

Рейдтердің мақсаты – тәртіп бұзушыларды бақылау және анықтау ғана емес, сонымен қатар азаматтарды тәрбиелеу, ортақ кеңістікке ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік пен тазалық – біздің ортақ міндетіміз. Полиция күнделікті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, бірақ көп нәрсе тұрғындардың санасына байланысты. Біз коммуналдық қызметкерлердің, еріктілердің, осы жерді жайлы етіп отырған әрбір адамның еңбегін құрметтеуге шақырамыз. Өзіміз үшін жасалған нәрселерге қамқорлық жасайық. Мобильді топтар жазғы маусымда жаппай демалыс орындарында жұмысын жалғастырады, — деді Алмалы аудандық ПБ жергілікті полиция бөлімінің бастығы Саадула Сейасханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру