Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен алдын ала дайындалған, оралған күйдегі кептірілген марихуана салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіден асқан.
Оның айтуынша, көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кесті. Жедел әрекеттің нәтижесінде есірткінің қала аумағында заңсыз айналымға түсуіне жол берілмей, халық арасында оның таралуына тосқауыл қойылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
— 2025 жылдың маусым айында Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – деп атап өтті Фараби Елубаев.
Айта кетейік, 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Бұл дерек – Көліктегі ПД қызметкерлерінің есірткіге қарсы күресте жүйелі және мақсатты түрде жұмыс істеп жатқандығының айқын дәлелі. Олар осы бағыттағы заңға қайшы әрекеттерді анықтап, жолын кесу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.