Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөл мен Балқашқа бағыт алған демалушыларға байланысты Жетісуда жол қауіпсіздігі күшейтілді

Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылардың артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Жетісу облысында полиция қызметкерлері Алакөл мен Балқаш көлдеріне баратын бағыттарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтілген режимде жүргізуде.

Туристер легінің артуына байланысты негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Патрульдік полицияның қосымша жасақтары тартылып, мобильді бекеттер орнатылды, тәулік бойы патрульдік бақылау ұйымдастырылған. Назардың негізгі бөлігі жол қозғалысы ережелерінің сақталуына аударылуда. Полицейлер жүргізушілермен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдамдықты асырмау, көлікті мас күйінде басқармау, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертіп отыр.

Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін полиция қызметкерлері ресми кемпингтер мен демалыс аймақтарының орналасқан жерлері туралы ақпарат беруде. Бұл – ұзақ жолға шыққан отбасылар үшін ыстық күндері тоқтап, тынығып, күш жинауға таптырмас мүмкіндік. Іске асырылып жатқан кешенді шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жолда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Полиция барлық азаматты жол ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру