СҚО-да полицейлерге ҚР ІІМ Басқару академиясына оқуға түсу шарттары туралы айтылды
ҚР ІІМ Басқару академиясының өкілі Мәлік Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесіп, оқуға түсу шарттары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Басқару академиясы ішкі істер органдарының жоғары және орта басшылық буынының басшыларын даярлайды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары мен басқа да білім беру қызметтерін ұсынады.
Мемлекеттік және полиция басқару саласында алғашқы жоғары білім алғысы келетіндер үшін бакалавр бағдарламасы қолжетімді. Магистратура мен докторантураға ішкі істер органдарында кемінде бір жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер қабылданады.
Оқу ақысыз, күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтары қарастырылған. Тыңдаушылардың қызмет орны сақталады, бұл олардың қызметін оқумен қатар алып жүруіне мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы Мәлік Мұқанов ҚР ІІМ Басқару академиясы — бұл құқықтық тәртіп жүйесі үшін жаңа форматтағы басқарушы кадрларды даярлайтын жетекші ғылыми-білім беру орталығы екенін атап өтті.
Оқуға түсуге қатысты барлық сұрақ бойынша +7 (7172) 57-01-29 телефоны арқылы, academy@mvd.gov.kz электронды поштасына немесе aumvd.edu.kz сайтына жүгінуге болады.