Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторының бір күні

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау - Ішкі істер органдарының әрбір қызметкерінің басты міндеті. Осы бағытта қажымай еңбек ететіндердің бірі — Созақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Дәулет Уәли, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәулет Уәли 2019 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол бекітілген аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және халықпен тығыз байланыс орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату — учаскелік инспектордың міндеттерінің бірі, бұл қоғамның туындайтын мәселелер мен қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Дәулет Уәли өзінің күнделікті қызметінде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдап қана қоймай, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын  жүргізеді.

Сондай-ақ ол тұрғындармен кездесу өткізіп, онда өзекті мәселелерді талқылайды. Өз кезегінде ол азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етіп, қылмыстың алдын алуға көмектесетін ақпараттармен бөлісіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру