Полиция қымбат көлікті айдап әкеткен күдіктілерді ұстады
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.