СҚО-да полицейлер жасөспірімдерге футболдан турнир ұйымдастырды
СҚО-да полицейлер жасөспірімдерге футболдан турнир ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдың аула клубтары, спорт секциялары, мектеп пен колледж командалары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған турнирлерге қатысты. Шара қала әкімдігі мен еріктілердің қолдауымен өтті. Қалалық мектептердің спорт алаңдарында өткен сайыстарға шамамен 50 жас спортшы жиналды.
Іс-шараны ұйымдастыруға СҚО ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері белсене атсалысты. Олар – тәртіп сақшыларының осындай жұмыстардағы сенімді серіктестері.
— Есірткіге әуестік пен есірткі қылмысы жасарып барады. Сондықтан полицейлерге профилактикада көмектесу өте маңызды деп санаймын, — дейді еріктілер қозғалысына үш жылдан бері қатысып жүрген 14 жастағы Никита Винарчук.
Сайыс тек салауатты өмір салтына үндеу ғана емес. Турнир барысында полицейлер жасөспірімдердің есірткінің зияны мен оны таратудың қылмыстық жауапкершілігі туралы білімін бекіту үшін викториналар өткізді.
Қатысушыларға дипломдар мен спорттық сыйлықтар табыс етілді. “Есірткісіз болашақ үшін» ұранымен ұйымдастырылған турнирлер “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында өтуде. Жыл басынан бері СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 48 спорттық-профилактикалық іс-шара өткізді.