БҚО-да заңсыз аң аулау дерегі анықталды
БҚО-да заңсыз аң аулау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулау фактісін әшкереледі.
Жуырда түнгі уақытта Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды.
Көлікті тексеру барысында салоннан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, тәркіленді. Көлік айып тұрағына қойылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.