Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы және әскери бөлім командирлерінің орынбасарлары қатысқан үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтті. Шымкент қаласындағы бұл шара офицерлердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Таулы аймақтағы оқу-әдістемелік жиында әскери қызметшілер тактикалық жаттығуларды орындап, әртүрлі қару түрлерін қолданды.

Офицерлер жаңа тактикалық әдістерді, сондай-ақ зениттік-артиллериялық кешендер мен миномет батареяларын пайдалану дағдыларын пысықтады. Әскерилердің іс-шарасына қатысқан Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жиын барысын бақылап, командирлердің кәсіби шеберлігін тексерді. Сондай-ақ қатысушыларға “Бүркіт” арнайы жасағының терроризмге қарсы іс-қимылдары көрсетілді. Бұдан бөлек ұшқышсыз авиациялық жүйелердің тактикалық қолданылуын үйрену мүмкіндігі берілді.

Оқу-әдістемелік жиынға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары да қатысып, тәжірибе жинақтады.

— Курсанттардың таулы-тасты аймақтағы оқу тәжірибесі осы жиынға тұспа-тұс келгені біз үшін тиімді болды. Болашақ офицер ретінде өзімізге қажет мол тәжірибе жинауға мүмкіндік алдық, - деді Академияның 3 курс курсанты Ғаламат Нышанбек.

Жиын қорытындысы кезінде командирлердің кәсіби дайындығы мен білімін арттыруға бағытталған сын-ескертпелер мен тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, оқу-әдістемелік жиын ҚР ІІМ Ұлттық ұланның жауынгерлік дайындығын жетілдіреді және әскердің жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру