Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі

Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді.

Операция нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектарды құрайтын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.

– Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты. Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, – дейді полиция өкілдері.

Ведомство кез келген есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін қатаң ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру