Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері талқыланды

Абай облысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция департаментінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өңірлік департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Жиын барысында "Офлайн қосымша", "Е-Сараптама, "Е-Заң-көмегі" және "Жария секторы" сияқты ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу барысы қаралды. Сондай-ақ биылғы жылдың жеті айындағы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу мен есепке алу тәртібі, тіркелген құқық бұзушылықтардың негізгі көрсеткіштері және мұрағаттық жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кеңеске тергеу басқармасының, криминалдық полиция басқармасының басшылары мен жеке құрамы, Семей қалалық полиция басқармасының өкілдері, облыстық аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары мен орынбасарлары, сондай-ақ штаб инспекторлары мен кезекші бөлімдердің басшылары қатысты.

Жиын соңында барлық талқыланған шаралардың заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті нығайту, құқықтық статистика жүйесінде ашықтықты қамтамасыз ету және қылмыстық істерді тергеу барысында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру