Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғанға тамақ ішіне жасырып телефон өткізбек болған

Қызылордада сотталғанға тамақ ішіне жасырып телефон өткізбек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде сотталғанға ұялы телефонды жасырын өткізбек болған әрекет әшкереленді.

Тыйым салынған зат сәлем-сауқатты тексеру барысында анықталды. Сотталғанға жеткізілмек болған ыстық тамақ – палау мен картоптың ішіне ұялы телефон мұқият фольгаға оралып жасырылған. Алайда мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз зат табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар рәсімделуде.

ҚАЖ департаменті мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттерінің жолын кесу бағытындағы шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру