Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық ҚАЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордалық ҚАЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионат өтті. Байрақты додада Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің өкілдері жоғары нәтижелер көрсетіп, үздіктер қатарынан табылды.

Әділет лейтенанты, жедел бөлімнің жедел уәкілі Шілтен Дархан 88 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Бұл жеңіс – оның қажырлы еңбегінің, табанды жаттығуларының және мықты ерік-жігерінің жемісі. Шілтен Дархан 2023 жылдан бері ҚАЖ саласында абыроймен қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ әділет аға сержанты Ертуған Ақберген 57 келі салмақта өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ол 2021 жылдан бері ҚАЖ жүйесінде қызмет атқарып, кәсібіне адалдығымен ерекшеленіп жүр.

Намысты қолдан бермеген қос қызметкер облыстың абыройын асқақтатып, әріптестерінің мерейін үстем етті. Олардың жеңісі – ҚАЖ саласында қызмет етіп жүрген жас мамандарға үлкен өнеге әрі спортқа деген қызығушылықты арттыруға серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру