Аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Полиция аккаунтыңызды алаяқтардан қорғау жолдарын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке парақшаларыңыз бен деректеріңіз қауіпсіз болуы үшін:
- Құпиясөз 12345 болмауы керек!
Ұзын, күрделі құпиясөз қойыңыз: бас және кіші әріптер, сандар және арнайы белгілер (@, #, &) болсын. Аты-жөніңізді, туған күніңізді немесе қарапайым сөздерді қолданбаңыз.
- Құпиясөзді дұрыс сақтаңыз.
Телефондағы “Notes”-қа немесе қағазға жазбаңыз. Оның орнына пароль менеджерін қолданыңыз — ол сізге жаңа құпиясөз құрып, сақтап, қажет болғанда ауыстырып береді.
- Видео мен қоңыраудағы адамды тексеріңіз.
Алаяқтар дипфейк қолдануы мүмкін. Сөйлесіп отырған адамнан басын бұруын немесе жанында тұрған затты көрсетуін сұраңыз. Шұғыл ақша жібермеңіз — “туыс” болса да, алдымен қоңырау шалып, растаңыз.
- Әлеуметтік желіде абай болыңыз.
Көптеген платформа жасанды интеллектпен жасалған суреттерді белгілейді және күмәнді контент туралы ескертеді.
- Сен, бірақ тексер.
Күмәнді хабарлама келсе — басқа мессенджер немесе телефон арқылы қайта хабарласыңыз.
Деректеріңізді қорғаңыз.