Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция есірткі притонын жойды

Оралда полиция есірткі притонын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерімен “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде есірткі заттарын тұтынуға арналған притонды анықтады. Пәтерді тінту барысында қолданылған шприцтер салынған полиэтилен пакеттер, шыны, пластик және металл ыдыстағы сарғыш түсті сұйықтық, екі ыдыс көкнәр тәркіленді.

Тексеру нәтижесінде бұл заңсыз қызметті 46 жастағы бұрын сотталған әйел адам  ұйымдастырғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

“Учаске” ЖПІШ басталғалы облыс бойынша 34 мыңға жуық тұрғын үй, 500 жалдамалы пәтер, 4 мыңға жуық саяжайдағы үй, 826 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексерілді. Ішкі істер органдарынның есебінде тұрған 1 318 адам тексерілді, тіркелмеген 2 қару тәркіленді, 3 мыңнан астам құқық бұзушылық, көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерінсіз жүрген 16 кәмелетке толмаған бала анықталды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру