Алматыда тұрғынды тонаған күдікті ұсталды
Алматыда тұрғынды тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын тонады деген күдіктіні анықтап, ұстады.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбековтің айтуынша, меншікке қарсы жасалған қылмыстарды ашу – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
- Біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Тимур Иманбеков.