Ақтөбеде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
Ақтөбеде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері таңғы уақытта жол қозғалысы ережесін бұзған Lada Largus автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін, алты ай бұрын, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Сараптама нәтижесі жүргізушінің бұл жолы да алкогольдік масаң күйде болғанын растады.
Аталған факті бойынша, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 54 жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік басқарған.