Қызылордада жас сақшылар полицейлермен бірге рейдке шықты
Қызылордада жас сақшылар полицейлермен бірге рейдке шықты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасына Жалағаш ауданы Есет батыр ауылының №124 орта мектебінде құрылған қызмет барысында қаза тапқан полиция капитаны Әбішев Кеңесбек атындағы “Жас сақшы” сыныбының оқушылары белсене қатысуда.
“Жас сақшы” сыныбының оқушылары Жалағаш ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларға атсалысты. Оқушылар тәртіп сақшыларымен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, беймезгіл уақытта заңсыз жүріп-тұрудың, мектеп айналасындағы тәртіптің алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер кәмелетке толмағандарға ішімдік немесе темекі сатылмауын, сондай-ақ олардың ересектерсіз ойын – сауық орындарында болмауын қадағалап, кәсіп иелеріне заң талаптарын еске салды.
Бұл бастама жас буынды құқықтық тәртіпті құрметтеуге, қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар “Жас сақшы» сыныбы жастардың полициямен тығыз байланыс орнатуына, болашақта ішкі істер органдарына қызметке тұруға қызығушылығын оятуға зор ықпал етеді.