Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында тұрғындар полицейлерге алғыс білдірді

Жетісу облысында тұрғындар полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сарыөзек – Көктал тасжолында бұзылып қалған көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлері Айбек Жетпісбаев пен Қалдыбек Садықов жолды патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған, салонында жолаушылары бар автокөлікті байқап қалған. Көлік бұзылып қалып, жолаушылар қиын жағдайда қалған екен.

Полицейлер дереу әрекет етіп, өздерінің сүйреткіш арқанын пайдаланып, көлікті жақын маңдағы елдімекен – Қоңырөлең ауылына дейін жеткізіп салды. Осылайша жолаушылар діттеген жеріне аман-есен жетті.

Азаматтар полиция қызметкерлеріне жанашырлығы мен дер кезінде көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының жолдағы қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, қажет кезінде көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру