БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды
БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қала аумағында автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан.Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта автотұрақтарда тұрған көліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен жеке заттарды ұрлағаны анықталды.
Оның шілде және тамыз айларында Орал қаласында 11 ұрлық жасағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты. Ұрлық фактілері бойынша күдіктіге қатысты тергеу жүргізілді.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.