Маңғыстауда "World Clean Up Day" халықаралық акциясы өтті
Маңғыстауда "World Clean Up Day" халықаралық акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында Бүкіләлемдік тазалық күніне орай экологиялық іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінің бастамасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында Каспий теңізінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
Игі іске жергілікті тұрғындармен қатар Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері белсене атсалысты. Қатысушылар қап пен қолғап киіп, теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
- Бүгін жасалған игі іс – келер ұрпаққа аманат, – деді шараға қатысушылардың бірі.
Акция барысында экологиялық бастамалардың қоршаған ортаны қорғаумен қатар қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететіні ерекше атап өтілді.