Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық біріншілік өтті

Таразда полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық біріншілік өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында “Динамо” спорт кешенінде полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық біріншілік өтті. Жарысқа барлығы 20 команда 200-ден астам спортшы қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Жанаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ресми түрде ашық деп жариялады.

Жарыс шағын футболдың ережесі бойынша өткізіліп, қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. 

Нәтижесінде, ала доптан алдына жан салмаған ПД ЖҚАЖ командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал ұпай саны бойынша екінші орын ПД ОЖВ командасына, үшінші орын Тараз қаласы ПБ командасына бұйырды. 

Барлық жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және арнайы грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ үздік спортшыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Біріншілік ПД ауыспалы кубогімен қорытындыланды.

Бұл жарыс спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, ұжымдық бірлікті арттыруға зор үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру