Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Астанада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қала аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға баса назар аударды. Іс-шара барысында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 74 құқық бұзушы жүргізуші ұсталды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары Қошқарбаев көшесінің бойында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Toyota автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады.

Медициналық тексерістің нәтижесінде аталмыш азаматтың мас күйде болғаны расталып, ол жауапкершілікке тартылды, автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

Соттың шешімімен автокөлік иесі 15 тәулікке  қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. 

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік жүргізбеуге және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Кез келген жол қозғалысы ережелерін бұзу адам өміріне қауіп төндіретінін еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру