Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады

Атырауда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. 15-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізу, жүргізуші куәлігінсіз рөлге отыру, рұқсат етілмеген жерде маневр жасау секілді өрескел құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қабылдауда. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 және 612-бабына сәйкес хаттама толтырылып, жүргізушілерге көлік құралын қарсы бағытта басқарудың қауіптілігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құрметті жүргізушілер! Әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру