ІІМ: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, жедел бөліністер күшейтілді. Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету фактілері бойынша, оның ішінде 13 трансұлттық топқа қатысты 70 қылмыстық іс қозғалды. 248 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкіне, шоттары мен активтеріне тыйым салынуда.