Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда ақша ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды

Оралда ақша ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер бөгде адамдардың банк карталарын пайдалану арқылы заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен екі жасөспірімді ұстады.

Бірінші күдіктінің жасы 17-де. Ол 36 жастағы азаматқа тиесілі жоғалған банк картасын пайдаланған. Аталған карта арқылы 28 мың теңгеге сауда жасалған.

Ал екінші күдікті Бәйтерек ауданының 19 жастағы тұрғыны. Ол зейнеткердің телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы өзінің шотына 155 мың теңге аударған.

Аталған екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция азаматтарға сақ болуды және мобильді қосымшалардың құпиясөздерін бөгде адамдарға айтпауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру