Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі өсіру дерегінің жолын кесті.

Аудан тұрғынынан қапқа салынған 1,6 келі кептірілген марихуана алынған. Ол далалық жерде сора өсімдігін өсірген. Оқиға орнын қарап тексеру барысында 132 түп сора өсімдігі анықталған. Сараптама қорытындысымен тәркіленген заттардың салмағы 25 келіге жуық болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

"Қарасора 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 155 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 1,3 тонна есірткі тәркіленді. 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 49 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру