Павлодарлық тұрғын жүргізушіге қиын сәтте көмек қолын созған полицейге алғыс айтты
Павлодарлық тұрғын жүргізушіге қиын сәтте көмек қолын созған полицейге алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
@ertispb ресми парақшасына Екібастұз қаласының тұрғыны Анар Жансейітовадан алғыс хаты келіп түсті.
- Полиция қызметкері, учаскелік инспектор Рүстем Қоңырбаевқа шын жүректен алғыс білдіремін. Бүгін жол үстінде күтпеген жағдай болып, көлігіміз кенеттен өшіп қалды. Сол сәтте не істерімізді білмей абдырап тұрғанда, полиция қызметкері тоқтап, жағдайымызды сұрап, көмегін ұсынды. Рүстем Қоңырбаев көлікті жақын маңдағы жанармай құю бекетіне дейін жеткізуге көмектесті.
Оның мейірімділігі мен адамгершілігі, өз ісіне адалдығы ерекше қуантты. Осындай жандардың арқасында қоғамда бір-біріне деген сенім мен құрмет арта түседі.
- Қызметіңізге табыс, өміріңізге амандық тілеймін, — деп жазған өз хатында Анар Жанарбекқызы.