Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заңсыз келуші" ЖПІШ: елордада полиция 800-ге жуық құқық бұзушылықты тоқтатты

Көші-қон заңнамасына қатысты бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордада полиция рейдке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара басталған үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 800-ге жуық дерегі тіркелді.
Оның ішінде 600 шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ тұлға ел аумағына кіру, шығу және болу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шамамен 150 заңды және жеке тұлға шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны немесе орналастырғаны үшін жауапқа тартылды. 30 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланғаны үшін жазаланды.

Сот шешімімен 70 шетелдік азамат елден шығарылды, оның төртеуі — мәжбүрлі түрде.

Жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға – тіркеу мерзімдерін сақтамау, еңбекке орналастыру тәртібін бұзу және жалған тіркеуге қою жатады. Сондай-ақ іс-шара барысында елордалық тұрғынның тұруға рұқсат қағаздарын рәсімдеу және жалған мекенжайлар бойынша тіркеу қызметін көрсеткен делдалдық әрекеттің жолы кесілді.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру