Қостанай облысының тұрғынан полицейлер гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаладағы гараж аумақтарының бірінде есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады.
Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның есірткі қолданғанын растады. Ал сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — бір келі гашиш болып шықты. Аталған дерек бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.